STEPPENEWS.KZ: Алматыда жол жөндеу жұмыстары мен Наурыз мерекесіне орай бірқатар автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
26 наурыздан бастап Жароков көшесінің Ходжановтан Дунаевскийге дейінгі бөлігінде жылу желілерін қайта жаңарту және асфальт жабындысын жаңарту жұмыстары басталады. Жөндеу кезеңінде бұл аумақта реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.
Осыған байланысты №19 және №56 автобустары оңтүстік бағытта реверсивті схема бойынша қатынайды, ал кері бағыттағы қозғалысы бұрынғыдай сақталады.
Сонымен қатар Наурыз мерекесіне арналған іс-шараларға байланысты №236 автобус бағыты да уақытша өзгереді. Автобус Алматы көшесімен жүріп, Уәлиханов, Бейсеуова және Ниязбеков көшелері бағыт сызбасынан екі бағытта да алынып тасталады.

