Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Бостандық ауданында әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан компаниялардың қызметтерін тексеріп жатыр.
– Жол жөндеу жұмыстары барысында қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін жыл басынан бері ауданда 23 мердігер компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады депараменттен.
Еске салайық, бұған дейін Алматының Аманжолов көшесінде жол жабыны опырылып, 13 автокөлік зақымданды.
Ал 17 қыркүйек күні Яссауи көшесінің Дастан көшесімен қиылысында жол жабыны опырылды.

