STEPPENEWS.KZ: Алматыда телекоммуникация және машина жасау колледжінің жаңа корпусы ашылды. Кешен 1 050 студентке шақталған: оның 340-ы колледжде білім алса, қалғандары өндіріс орындарында практикадан өтеді. 5 блоктан тұратын ғимаратта оқу және мамандандырылған кабинеттер, шеберханалар, зертханалар, спорт және акт залдары, 200 орындық асхана мен 118 орындық жатақхана бар.

Сонымен қатар, кітапхана, оқу залы және медициналық пункт жұмыс істейді. Колледж аумағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін толықтай қолжетімді. Сұранысқа ие мамандықтар қатарында — автослесарьлар мен логистика мамандары бар.

