STEPPENEWS.KZ: Алматы қаласының Ниязбеков көшесі, 30/1 мекенжайында орналасқан заңсыз салынған нысан сот шешімімен бұзылды.
Ниязбеков көшесі, 30/1 мекенжайында орналасқан ғимарат сот шешіміне сәйкес сүрілді. Бұл туралы Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері мәлімдеді.
Бұған дейін жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында нысан иесіне (жеке тұлғаға) қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілген. Алайда нұсқама талаптары белгіленген мерзімде орындалмаған.

Осыған байланысты басқарма заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арызбен Жетісу аудандық сотына жүгінді. 2024 жылғы 17 желтоқсанда сот талап арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарды.
Кейін бұл шешім Алматы қалалық сотында қаралып, 2025 жылғы 20 ақпандағы қаулымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
Қазіргі таңда сот шешімін орындау аясында нысан иесі ғимаратты өз қаражаты есебінен және өз күшімен бұзды.

