STEPPENEWS.KZ: Алматы полициясы 2026 жылғы 3 сәуірде қоғамдық орындарда өтіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасаған жасөспірімдерге қатысты кеңейтілген түсініктеме берді.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Медеу және Алмалы аудандарының полиция басқармалары тексеру шараларын жүргізген. Нәтижесінде күдікті жасөспірімдер анықталып, полиция бөлімшелеріне жеткізілді.
Белгілі болғандай, олар Тәжікстан Республикасының азаматтары. Барлық кәмелетке толмағандар бейімдеу орталығына орналастырылып, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Тексеру қорытындысы бойынша олардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ аталған тұлғаларға қатысты Қазақстанның көші-қон заңнамасына сәйкес ел аумағынан шығару шаралары қарастырылуда.
Қазіргі уақытта әрбір дерек бойынша тексеру жалғасып жатыр. Оның нәтижесінде жасөспірімдердің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Полиция мұндай жағдайларда ата-аналар мен заңды өкілдердің жауапкершілігі ерекше маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар балалардың үйден тыс уақыттағы мінез-құлқына бақылауды күшейту қажеттігі ескертілді.

