STEPPENEWS.KZ: Алматы қаласында крематорий алдағы күндері жұмысын бастайды. Яғни енді мәйіттер жерге көмілмей, өртелуі мүмкін. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Ұлттық экономика министрлігінің жерлеу рәсімдерін өткізу және жерлеу орындарын күтіп-ұстауды ұйымдастыруға қатысты үлгілік қағидаларға өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрығы тіркелген.
Қабылданған түзетулер крематорийлердің қызметін жүзеге асыруға құқықтық негіз қалыптастырып, Қазақстан аумағында кремация рәсімін алғаш рет заңнамалық деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді.

