STEPPENEWS.KZ: ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында Қытай Халық Республикасындағы жетекші баспалардың бірі – «Феникс» баспасының кітап сөресін ашу рәсімі өтті. Аталған шара Қазақстан мен Қытай арасындағы кітап шығару және баспа ісі саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталды.
Іс-шара барысында екі ел арасындағы мәдени байланыстарды дамыту мәселелері талқыланып, кітаптың халықтарды жақындастыратын маңызды рухани құндылық ретіндегі рөлі атап өтілді.
Кездесу қорытындысында тараптар мәдени және кәсіби әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендерін жеткізіп, бірлескен жобалар мен жаңа бастамаларды іске асыру перспективаларын қарастырды.

