Алматы қаласы туризм басқармасының мәліметінше, мұндай өсім туризм саласының дамып келе жатқанын және Алматыға ішкі әрі халықаралық туристер тарапынан қызығушылықтың арта түскенін көрсетеді. Қазір қала қонақүйлеріндегі бөлмелер саны өткен жылмен салыстырғанда 8% артып, 12 552-ге жеткен.

— Қаладағы орналастыру орындарының бір мезеттегі сыйымдылығы 22 768 төсек-орын, бұл қонақтарды көбірек қабылдауға жол ашады. Ішкі және шетелдік туристер тарапынан қызығушылық артқанын байқап отырмыз. Жаңа жобалар жұмыс орындарын ашып, инфрақұрылымды жақсартып, Алматыда демалысты қолжетімді әрі жайлы етеді, – деп хабарлады туризм басқармасы.

Биыл жыл басынан бері жеке инвестициялар есебінен 34 жаңа туристік нысан пайдалануға берілген. Олардың ішінде 11 қонақ үй, 1 глэмпинг, 1 капсулалық қонақ үй, 18 хостел және 3 демалыс базасы бар.

Еске салайық, бұған дейін Алматыға жарты жылда 1,1 миллионнан астам турист келгенін жазғанбыз.


