Алматыда LRT жобасын жүзеге асыру жұмыстарына байланысты Абылай хан даңғылы мен Момышұлы көшесінің кейбір бөліктерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды SteppeNews.kz.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, жөндеу жұмыстарына байланысты жолдың жабылу кестесі төмендегідей бекітілген:
-
Абылай хан даңғылы бойынша: 24 қазан сағат 08:00-ден 26 қазан сағат 20:00-ге дейін Райымбек даңғылынан Тузов көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс тоқтатылады.
-

Фото: Almaty_Joly -
Момышұлы көшесі бойынша: 24–29 қазан аралығында күн сайын түнгі сағат 22:00-ден таңғы 10:00-ге дейін Мөңке би көшесінен оңтүстікке қарайғы бөлікте және Рысқұлов даңғылымен қиылысында шектеу енгізіледі.
-

Фото: Almaty_Joly
Жөндеу жүргізілетін аумақтарда арнайы ескерту белгілері орнатылады. Жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Жолдағы шектеулерге қатысты өзекті ақпараттар @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс Карты» навигатор қосымшаларында жүйелі түрде жаңартылып отырады.
Келесі материал: Алматыдағы сейсмикалық қауіпсіздік: үйлерді күшейтуге кім қаржы бөледі?
