Алматы облысының Қаскелең қаласында полицейлер жас қыздың өліміне қатысы бар деген күдіктіні ұстады.
21 жастағы Қаскелең тұрғынының өлімі туралы ақпарат 15 қазан күні әлеуметтік желіде тараған еді.
Ал 16 қазанда Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 20 жастағы күдікті анықталып, ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол өз кінәсін мойындады. Қазір іс бойынша барлық мән-жайларды жан-жақты, толық әрі әділ анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген ведомство хабарламасында.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді. Полиция өкілдері бұл шешімді Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сүйене отырып түсіндірді.