STEPPENEWS.KZ: Алматыда №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімін қайта жаңғырту және жаңарту жұмыстары толық аяқталды. Жаңартылған бөлім күніне бұрынғыдан екі есеге жуық көп науқас қабылдауға мүмкіндігі бар.
30 желтоқсанда №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімін ауқымды жаңғырту нәтижесі көпшілікке таныстырылды. Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым, Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов қатысты.

Жоба аурухананың инфрақұрылымын кешенді түрде жаңарту және медициналық көмектің сапасын жүйелі арттыру мақсатында жүзеге асырылды. Қайта жаңғырту нәтижесінде қабылдау бөлімі тәулігіне 250 адамнан 450 адамға дейін қарай алады. Бұл науқастардың күту уақытын қысқартып, қажетті ем-домды жедел бастауға мүмкіндік береді.

Медициналық ұйымдағы жалпы қызметкерлер саны — 1 118 адам, оның ішінде 260 дәрігер еңбек етеді. Аурухананың жобалық қуаты 385 төсек-орынға есептелген. Жаңғырту жұмыстары медициналық қызметтің қолжетімділігін арттырып, тұрғындарға көрсетілетін көмектің сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

