STEPPENEWS.KZ: Алматы қаласының Сот әкімшілігі департаменті жасанды интеллектке негізделген цифрлық көмекшілерді іске қосты. Пилоттық жоба аясында АлтынAI мен AIбек алматылықтарға сот қызметтерін қалай пайдалану керегін түсіндіріп, сот жүйесін барынша ашық әрі түсінікті етуге бағыттайды.
Алматы қаласының Сот әкімшілігі департаментінде жасанды интеллект негізіндегі цифрлық көмекшілерді енгізу бойынша пилоттық жоба басталды. Жаңа жүйенің басты мақсаты — соттардың жұмысын азаматтар мен ұйымдар үшін жеңіл әрі қолжетімді ету.
АлтынAI мен AIбек тұрғындарға сотқа талап арызды қалай беру керегін, мемлекеттік бажды қайтару тәртібін, атқару парағын немесе сот актісінің көшірмесін қалай алуға болатынын түсіндіреді. Сондай-ақ, көмекшілер арқылы соттардың мекенжайы мен жұмыс режимі туралы ақпарат алуға болады. Бұдан бөлек, цифрлық көмекшілер ресми баспасөз хабарламаларын, сондай-ақ қоғам үшін маңызды істерге қатысты ақпаратты дыбыстап жеткізеді.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, АлтынAI мен AIбек чат-бот емес. Олар жеке құқықтық кеңес бермейді және нақты істер бойынша түсіндірме жасамайды. Жобаның негізгі міндеті — ресми ақпаратты қолжетімді әрі түсінікті форматта ұсыну. Пилоттық жоба нәтижесіне қарай цифрлық көмекшілерді басқа өңірлерде де енгізу мәселесі қарастырылуы мүмк.

