STEPPENEWS.KZ: Бұл туралы әлемнің 479 қаласын салыстырған аналитикалық платформа Numbeo-ның рейтингінде айтылған. Сарапшылар есептеулер кезінде азық-түлік, мейрамханалар, көлік және коммуналдық қызметтердің бағаларын ескерген. Ал тұрғын үйді жалға алу немесе ипотека шығындары есепке алынбаған.
Рейтинг бойынша Алматы әлемде 401-орынды иеленіп, индексі 33 балды көрсеткен. Салыстыру үшін, Астана 428-орында тұр, оның индексі – 29,7.
Аналитиктер атап өткендей, басқа елдерге қарағанда бағалар төмен болғанымен, Алматыдағы сатып алу қабілеті әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Орта есеппен қала тұрғындары Нью-Йорктегі орташа жалақымен салыстырғанда шамамен 44% аз тауар мен қызметті ала алады.

