STEPPENEWS.KZ: Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 19 ақпанда сағат 14:09-да сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 311 шақырым қашықтықта, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.
Дүмпу бірнеше ауданда сезілген. Нарынқол мен Кеген ауылдарында – 3 балл. Ал Саты, Көкпек, Жаркент, Шелек, Түрген және өзге де елді мекендерде – 2 балл шамасында болды.

