Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты діни және ұлттық араздықты қоздырған Алика Мұхамадиеваны 3,5 жылға соттады.
«Сотта анықталғандай, 2025 жылдың жазында ол «Threads» әлеуметтік желісінде, сараптама қорытындысы бойынша ұлттық және діни араздық пен өшпенділікке қатысты сөздер жазған. Прокурор оны 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, кінәлінің кәмелетке толмаған баласының бар екенін ескере отырып, жазаны 4 жылға шегеруді сұрады», — деп хабарлайды сот.
Бұған дейін жазғанымыздай, Алика Мұхамадиева кінәсін мойындап, кішкентай қызы бар екенін айтып, соттан жеңіл жаза сұраған еді.
«Қылмыстық кодекстің 74-бабына сәйкес, жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған әйелдерге сот жазаны өтеуді бес жылға дейін шегере алады. Сот Мұхамадиеваны Қылмыстық кодекстің 174-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», — деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Қызының жасын ескерген сот Мұхамедиваның түрмеге түсу мерзімін екі жылға шегерді.

