«17 желтоқсан таңғы 07:38-де Air Astana әуе компаниясының Алматы – Астана бағытындағы ұшақта апаттық жағдайдай орын алды» — деп хабарлайды STEPPENEWS.KZ ақпараттық сайты kaz.tengrinews.kz сілтеме беріп.
«Қазаэронавигация» РМК Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, әуе кемесінің салонында түтін пайда болуына байланысты экипаж MAY-DAY апаттық сигналын жариялаған», — делінген хабарламада.
Осыған байланысты ұшақ қауіпсіздік талаптарына сай бастапқы әуе айлағына кері бағыт алып, сағат 07:40-та қайта қонған. Оқиға кезінде әуежайдың өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметі жұмылдырылды. Жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.
Тілші: Алтынай ҚАРАШ

