STEPPENEWS.KZ: Қазақстанда жаңа Конституция қабылданғаннан кейін бірқатар заңдарға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Соның ішінде «Масс-медиа туралы» заң да жаңартылмақ.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, негізгі мақсат – заңнаманы жаңа конституциялық нормаларға сәйкестендіру.
Жоспар бойынша, сөз бостандығы, цензураға жол бермеу және азаматтардың ақпаратты алу мен тарату құқығы күшейтіледі. Сонымен қатар, ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғау шаралары да күшеймек.
Министрдің сөзінше, бұл өзгерістер пікір білдіру еркіндігі мен азаматтардың құқықтарын қорғау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған.

