Әзербайжан Арменияға қатысты жүк тасымалына қойылған шектеуді алып тастаған соң, ең алдымен Қазақстанның бидайын жіберді.
Бұл туралы бүгінде Қазақстанда мемлекеттік сапармен жүрген Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев мәлімдеді.
«Әзербайжан оккупация басталғанда күшіне енген жүк тасымалының шектеуін бәрін алып тастады. Арменияға алғашқы жүк транзиті ретінде қазақстандық бидай жіберілді. Бұл Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік қағаз жүзінде қалмай, нақты орнағанын көрсететін жарқын мысал», — деді Әлиев.
Айта кетейік, биыл тамызда Армения мен Әзербайжан қақтығысты реттеу туралы келісімге қол қойған болатын.