«Жігіттер» тобының мүшесі Ердос Қанаевтың әкесі дүниеден озды.
Қаралы хабарды әнші Бағлан Әбдірайымов жеткізді.
«Ердос досым, қайғыңа ортақпын! Қандай жақсы адам еді. Әмзехан көке, Алла жұмақ нәсіп етсін», — деп жазды Бағлан Әбдірайымов.
Желі қолданушылары әншінің қайғысына ортақтасып көңіл айтып жатыр.
Еске сала кетейік, тамызда Заттыбек Көпбосынұлының әкесі өмірден өткен болатын. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
 
