Актриса Әлия Әнуарбек Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында жақында тұрмысқа шығатынын мәлімдеді. Оның сүйіктісі сөз салған.
«Бақыт құшағында» фильмінің түсірілімінде шынымен де, бақыттың құшағында болдым. Иә, ол маған сөз салды. Енді мен қалыңдықпын», — деді Әлия Әнуарбек.
2020 жылы Әлия Әнуарбектің күйеуі ауыр дерттен көз жұмған еді. Әлия мен Азамат 2014 жылы шаңырақ көтерді. Арада екі қыздары бар. Актриса «Жаужүрек мың бала» фильмінде басты рөлді ойнап, көпшілікке танымал болды.
«Бақыт құшағында» атты тұңғыш jukebox мюзиклінің тұсаукесері бүгін Астанада өтеді. Басты рөлдерді Дәурен Серғазин мен Әлия Әнуарбек сомдайды.