Дана Алмасова Бангкокта өтетін «Әлем аруы – 2025» халықаралық сұлулық байқауында Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Бұл туралы Miss Qazaqstan ресми парақшасында хабарланды.
Байқау алдындағы қарқынды дайындық
Ұйымдастырушылар Қазақстан өкілін шығарып салу рәсімі Алматыда өткенін хабарлады.
Алдағы апталарда Дана Алмасованы қарқынды дайындық, оның ішінде жаттығулар, репетициялар, фотосессиялар күтіп тұр. Сонымен қатар байқаудың әлеуметтік желілерінде жарияланатын қызықты іс-шараларға қатысады.
Дана Алмасованы Бангкокта өтетін Miss Universe 2025 байқауына шығарып салдық, — деп жазылған хабарламада.
Конкурсқа 125 елдің аруы қатысады
74-ші Miss Universe байқауы 125-тен астам елдің қатысушыларын біріктіреді. Салтанатты ашылу рәсімі 19 қарашада ұлттық костюмер көрсетілімінен басталып, финал 21 қарашада өтеді.

