Осыдан бес күн бұрын, 23 қазан күні «Самара – Шымкент» автожолында, Ақтөбе облысындағы Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен жолаушы тасымалдайтын «Газель» көлігі соқтығысып, 12 адам қаза тапқан болатын. Оның екеуі – жүргізуші.
Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі қаза тапқандардың отбасына қандай материалдық көмек көрсетілетінін айтты.
Әкімдік мәліметінше, қаза болған 10 адамның (арасында бір үйдің адамдары да бар) отбасына 1 млн теңгеден материалдық көмек беріледі.
Екі жүргізушінің әрекетіне қатысты тергеу жүріп жатыр.
Айта кетейік, жол апатынан 12 адам қаза тапты, ал түрлі дәрежедегі жарақат алған алты адам Хромтау аудандық ауруханасында жатыр.
