Абай облысында «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп, онда полиция заңсыз аң аулаған, заңсыз балық аулаған адамдарды тексерген.
Абай облысының полициясы осы рейд аясында азаматтарды табиғатты қорғап, балық шаруашылығы ресурстарын сақтау және азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыруға тырысты.
«Рейд кезінде Бородулиха ауданының Ақши ауылы маңындағы Смародный шығанағында 67 жастағы азаматтың екі қармақпен балық аулап жүргені анықталды. Тексеру кезінде оның 6 килограмнан астам балық аулағаны белгілі болды. Аталған азаматтың әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған жоқ. Алайда, ол балық аулау ережелерін және балық ресурстарын пайдалану қағидаларын бұзған», — деп хабарлайды Абай облысының полиция департаменті.
