— 12-16 қыркүйек аралығында Ұлытау облысы Жезқазған қаласында өткен Ж.Хаджиев атындағы IV халықаралық театр фестивалінде Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының құрамындағы «Дариға-ай» жастар театры фестивальдің бас жүлдесі мен «Үздік спектакль» номинациясына ие болды. Бұл жеңіс — жас ұжымның кәсіби шеберлігінің, тынымсыз еңбегінің және өнерге деген адалдығының жарқын дәлелі, — делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.


Ал бүгін Талдықорған қаласында өтіп жатқан «БИКЕН FEST» III халықаралық театр фестивалінде Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры сахналаған «Абай айтқан «Еңлік — Кебек» спектаклі бас жүлдемен марапатталды.


