STEPPENEWS.KZ: 2026 жылға арналған саяхат жоспарларын ертерек құрып жатқан адамдар көп. Осы орайда BBC Travel әлемнің әр өңірінен туристер үшін ерекше әсер сыйлайтын бағыттарды іріктеп, «2026 жылы баруға тұрарлық ең үздік 20 орын» тізімін жариялады. Осы мақалада көрсетілген бағыттардың ішінен саяхатқа ыңғайлы 10 орын іріктеліп көрсетілді.

- Abu Dhabi, Біріккен Араб Әмірліктері
Бұл қала 2026-да мәдениет пен ойын-сауыққа толы жылды бастайды. Саадияттың мәдени ауданы жаңа мұражайлар мен көрмелерге толып, TeamLab Phenomena сияқты ірі цифрлық өнер мекемелері ашылды. Сондай-ақ Warner Bros World және басқа парк жобалары дамып, жақын арада Орта Шығыста бірінші Disneyland салынуы жоспарлануда. Бұл туристер үшін жаңа тәжірибе болары анық.

2. Algeria, Алжир
Алжирдің тарихи қалалары мен Рим дәуірінен қалған ескерткіштері сапарға тартып тұрардай. Ел туристерге виза алуды оңайлатуда және жаңа әуе бағыттары қосылды. Бұл мәдени мұралар мен шөл дала пейзаждарын көруге мүмкіндік береді. UNESCO тізіміндегі Constantine сияқты қалалар мен Sahara шөлі төңірегіндегі табиғаттың әдемілігіне тамсанып қайтасың.

3. Colchagua Valley, Чили
Сантьягодан оңтүстікке қарай бұл шарап алқабы әлемдік деңгейдегі шарапшылықпен танымал. Тарихи ресторандар, таудағы серуендер мен аспан астында жұлдыздарға қарап демалу үшін керемет орын. Сондай-ақ ірі шарап өндірістері мен гастрономиялық мәдениет сапарды толықтыра түседі.

4. Cook Islands, Кук аралдары
Тынық мұхитындағы бұл аралдар тізімдегі ең тыныш бағыттардың бірі. Rarotonga мен Aitutaki сияқты жерлерінде трайпикалық лагуналар, тыныш атмосфера, жағажайлар және полинезиялық мәдениет бар. 2026-да экологиялық және мәдени сақтау жобалары күшейтілуде, сондықтан сапар әсерлі әрі естелікке толы болары анық.

5. Hebrides, Шотландия
Бұл аралдар — ежелгі тас алаңдар, ақ құмды жағажайлар және Шотландия қонақжайлылығымен танымал. Lewis аралында Calanais Standing Stones сияқты тарихқа бай орындар бар, ал басқа аралдарда виски дистилярлары мен фестивальдар да туристерге ұсынылады.

6. Ishikawa, Жапония
Жапонияның бұл аймағында дәстүрлі қолөнер, Кенрокуэн сияқты әлемге танымал бақтар және премиум сушилер бар. 2024-тегі жер сілкінісінен кейін аймақты қалпына келтіру жұмыстарына қолдау көрсету үшін туристерді шақырады. Жергілікті қонақ үйлер мен іс-шаралар арқылы мәдениетке бойлай түсуге болады.

7. Komodo Islands, Индонезия
ЮНЕСКО-ның тізіміндегі Табиғи парк, мұнда әлемдегі ең ірі сілемлер — Комодо айдаһарлары мекендейді. 2026-да жаңа табиғатты қорғау бағдарламалары іске қосылады, бұл сапарды экологиялық әрі тұрақты етеді деп есептеуге болады. Су асты әлемі, кораллы бақтар және жергілікті қауымдастықпен байланыс саяхаттың көркі болмақ.

8. Montenegro
Адриатикалық жағалауымен және керемет табиғатымен танымал. Bay of Kotor шағын теңіз фьордтары, тарихи қалалар мен таулы бағыттарды ұсынады. Ел 2026-да өзінің 20 жылдығын атап өтетіндіктен, мерекелік іс-шаралар мен мәдени оқиғаларға бай болады.

9. Oulu, Финляндия
Бұл қала Арктика ауданына жақын орналасып, 2026-да Еуропаның мәдени астанасы атағын иеленеді. Жыл бойы фестивальдар, өнер көрмелері мен шеберлік сабақтары өтеді. Сонымен қатар арктикалық тағамдар мен қоғамдық өнер жобалары туристерді тартпақ.

10. Philadelphia, АҚШ
Америкадағы тарихи және мәдени орталықтардың бірі. 2026-да қалада көптеген өнер, тарих және спорт іс-шаралары жоспарланып отыр, тарихи орындар, қоғамдық mural-арт турлары мен мәдени бағдарламаларды көру бұйырмақ.
