STEPPENEWS.KZ: Бұл күн ұлттық киімге арналады. Сан ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленіп келеді.
Бүгінде ұлттық киім өз мәнін жоймай, дәстүр мен заманауи үрдістерді үйлестіре отырып, ұлттық мінез бен бірлікті айшықтайды. Ол ел мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналған.
Ұлттық киім күні – әр адамға киім үлгісі арқылы өз даралығын көрсетуге, сондай-ақ Қазақстанның бірлігі мен мәдени әралуандығын танытуға мүмкіндік береді.
Бұл айтулы күні біз әрбір қазақстандықты өз мәдениеті мен ұлттық бірегейлігін мақтан тұтуға, ата-баба мұрасына құрметпен қарауға және озық дәстүрлерді қазіргі заманмен ұштастыруға шақырамыз.

