STEPPENEWS.KZ: 2025 жылы қазақстандықтарға жалпы сомасы 4 трлн 225 млрд теңге зейнетақы төленді. Бұл туралы Еңбек министрлігі хабарлады.
Қаражаттың басым бөлігі ынтымақты зейнетақыға тиесілі – шамамен 2,9 трлн теңге. Базалық зейнетақы төлемдеріне шамамен 1,37 трлн теңге бағытталды.
Елде 2,49 млн зейнеткер бар. Бір жылдағы орташа зейнетақы мөлшері 143,1 мың теңгені құрады. Бұл соманың шамамен 95,5 мың теңгесі – ынтымақты зейнетақы, тағы 47,6 мың теңгесі – базалық төлем.
Сондай-ақ, ведомство 2026 жылдың қаңтарынан бастап зейнетақының 10%-ға өскенін еске салды. Енді ең төменгі базалық зейнетақы 35 596 теңгені, ал ең жоғарғысы 60 005 теңгені құрайды.

