STEPPENEWS.KZ: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды жасанды интеллект жылы деп жариялады.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, Президент 2026 жылды цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту жылы деп белгілеу жөніндегі жарлыққа қол қойған.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған болатын.

