Сыр алаштың анасы. Неліктен «Алаштың анасы» деп аталады?
STEPPENEWS.KZ: 1925 жылы Қызылорда қаласы, сол кездегі Ақмешіт Қазақ КСР-нің астанасы болды. Осы қалада өткен съезде халқымызға «қырғыз» деген атаудың орнына өзінің төл «қазақ» атауы ресми түрде қайтарылды. Арада 1 ғасыр өтіп тарихи бастама, дәл осы шаһарда жаңа бағытта, өзгеше форматта өтті.
Құралтай мақсатына жетті ме?
Әуелі жылына бір рет өтетін бұл жиынның ауаны нені көздеді. Толығырақ тарқатқанда, қазақ қоғамында құрылтай жаңа кезеңді бастауды, ұлт болып ұйысып, қайта құрылуды көздейтін, жиналатын һәм бірігетін орын еді. Билер «Құрылтай» шақырды деген сөз. «Бірігіңдер», «бір тудың астына ойысыңдар» деген мағына беретін. Ал қазіргі кезеңдегі «Ұлттық құрылтайдың» мақсаты сол болғанымен форматы өзгеше, мүддесі дүр. Елдің алдағы даму бағдары, конституциялық және саяси реформалар, экономикалық өсім, азаматтық қоғамды нығайту және ұлттық біртұтастық мәселелері бойынша ұсыныстарды талқылау мен диалог құратын алаңға айналды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде, 5 жыл қатарынан өткен «Ұлттық құрылтай» толық мақсатына жеткенін, енді ассамблея мен бірігіп «Халық кеңесі» болып өзгеретінін мәлімдеді. Осылайша осы отырысты қазақстандық саяси жаңғырудың жаңа кезеңінің басталуы ретінде сипаттады. Ұлттық құрылтайдың тарихи миссиясын жалғастырады деп қадап айтты.
Парламент кетті. Құрылтай шақырылды …
Бірпалаталы парламент жүйесі жаңа «Құрылтай» деп ұсынылды. Бұл органда 145 депутат болмақ. Төрағаның үш орынбасары және сегіз комитетке бөлінеді деп жоспарлануда.
Жаңа лауазым
Вице-президент институтын енгізілмек. Мемлекеттік хатшы қызметі тоқтатылады. Жаңа қызмет Конституцияда бекітіледі. Вице-президенттің атқаратын міндетіде қысқаша баяндалды. Ол парламентпен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен байланыста болады.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл реформалар президенттік биліктің әлсіреуі емес. Президенттік билікті күшейту, әрі басқару жүйесінің айқын, тиімді құрылуын қамтамасыз етпек.
Референдум арқылы шешілетін өзгерістер
Президент Конституциялық комиссия жұмысының нәтижесі бойынша жаңартылған заң жобасы жалпыхалықтық референдумға шығарылатынын атап өтті. Референдумның өтетін нақты уақыты кейінірек жарияланады.
Бұл қадам ел азаматтарының саяси реформаға тікелей қатысуын қамтамасыз ету мақсатында жасалатыны айтылады.
Қазақстан Президенті Ұлттық құрылтайда экономикалық өсім, аймақтардың даму әлеуеті, инвестициялар тарту және инфрақұрылым жобалары жөнінде де мәлімдемелер жасады. Мысалы, Қызылорда облысында ішкі жалпы өнімнің өсуі, инвестицияның артуы және стратегиялық маңызды жобалардың іске қосылуы сөз болды.
Сонымен қатар құрылтайда мәдениет пен руханият саласында да жоғары деңгейде ұсыныстар мен талқылаулар жүргізілді. Олардың кейбірі мемлекеттік бағдарламаларға енгізуге ұсынылған.
Жаңа кезеңнің басталуы
V «Ұлттық құрылтай» отырысы Қазақстан үшін маңызды тарихи белес болды.
- саяси реформа мен басқару жүйесін жаңарту идеясы нақтыланды;
- конституциялық өзгерістерді қоғамға жеткізудің жолдарын белгіледі;
- референдум арқылы халықтың тікелей қатысуын көздеді;
- экономикалық және мәдени даму бағыттарын талқылады.
Осылайша, Қазақстанның саяси архитектурасын жаңарту және қоғамдық келісімді нығайту бағытында жаңа кезеңге қадам басты.

