STEPPENEWS.KZ: Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі ұлттық референдумға қатысты алғашқы экзитпол нәтижелері белгілі болды.
СОЦИС-А кешенді әлеуметтік зерттеулер институты дерегіне сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 87,4%-ы ұсынылған өзгерістерді қолдаған. Бұл зерттеуде сайлаушылардың қатысу белсенділігі 73,8% болған.
Ұқсас нәтижені Еуразиялық интеграция институты жүргізген экзитпол да көрсетті. Оған сәйкес, дауыс беруге қатысқандардың 86,7%-ы конституциялық өзгерістерді қолдаған.
Ал AMANAT партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген зерттеуге сәйкес, қолдау деңгейі 88,6%-ға жеткен. Бұл зерттеуде дауыс беруге қатысу көрсеткіші 72,1% болды.

