Қытай Халық Республикасының құрылған күнiне орай өтіп өткен жеті күндік мерекеде ел ішінде 826 миллион саяхат тіркелді. ҚХР Мәдениет және туризм министрлігінің мәліметінше, бұл күндері туризмнен түскен жалпы кіріс 738,38 миллиард юаньды (шамамен 109,67 миллиард доллар) құрады, деп хабарлайды SteppeNews.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Былтырғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда, ел ішіндегі саяхаттардың орташа тәуліктік көрсеткіші 6,3 пайызға, ал туристердің орташа шығыны 4,3 пайызға өскен. Мерекені ұйымдастыру аясында жергілікті билік тұтынушыларды қолдау үшін 310 миллион юаньнан астам субсидия бөлді.
Мерекелік апталықта ел аумағында 180 ірі мәдени шара, соның ішінде 125 концерт пен 55 музыкалық фестиваль ұйымдастырылды. Сонымен қатар бұқаралық спорттық жарыстар мен цифрлық технологиялар туризмге жаңа серпін берді.
Саяхатшылардың шамамен 40 пайызы революциялық ескерткіштер мен тарихи орындарды аралады. Бұл үрдіс биыл ерекше маңызға ие, өйткені Қытай Қызыл армиясының тарихи «Ұлы жорығына» 90 жыл толып отыр.
Қытай Туризм академиясының директоры Дай Биньнің сөзінше, бүгінгі саяхатшылар тек тарихи орындарды көріп қана қоймай, елдің бай мұрасынан өздерінің қазіргі өмірі үшін де рухани дем алып қайтады.
Келесі материал: Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертінде 8 адам медициналық көмекке жүгінді
