STEPPENEWS.KZ: Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы Олимпия ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. Ақ Олимпиадаға әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде.
Қазақстан өз Тәуелсіздік тарихында тоғызыншы рет қысқы ойындарға қатыспақ. Биылғы додада ел намысын 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) қорғайды. Бұл Бейжің Олимпиадасымен салыстырғанда (34 спортшы) көрсеткіштің сәл де болса артқанын көрсетеді.
Көш басында кімдер?
Дәстүрлі түрде қысқы спорт түрлері еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында дамығанымен, бұл жолғы құрама сапында географиялық алуандылық байқалады.
Үздік бестік:
-
Алматы қаласы: Олимпиадаға ең көп спортшы аттандырады. Оңтүстік астана намысын 5 спорт түрінен 7 атлет қорғайды.
-
Ақмола облысы: 2 спорт түрі бойынша 6 спортшы жолдама алған.
-
Шығыс Қазақстан облысы: 1 спорт түрінен 4 спортшы.
-
Шымкент қаласы: 1 спорт түрінен 4 спортшы.
-
Астана қаласы: 3 спорт түрінен 4 спортшы.
Басқа өңірлердің көрсеткіші:
-
Павлодар облысы: 3 спорт түрінен 3 спортшы;
-
Алматы облысы: 1 спорт түрінен 3 спортшы;
-
Қостанай облысы: 1 спорт түрінен 2 спортшы;
-
СҚО, Қарағанды және Абай облыстары: әр өңірден 1 спортшыдан.
Еске сала кетейік, XXV қысқы Олимпия ойындары 6-22 ақпан аралығында өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер биылғы додадан жоғары нәтижелер мен жүлделі орындар күтеді.

