Байкент ауылдық аймағында орналасқан 45-мектеп-гимназиясында, ауыл әкімшілігінің қолдауымен «Мәдениетті Ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында «Құндылықтан қуат алған шаңырақ» атты тағылымды іс-шара өтті.

Шара отбасы тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Іс-шараға Байкент ауылы Аналар кеңесінің төрайымы Байымбетова Айман Өтепбергенқызы, ауылымыздың үлгілі тұрғыны, өнегелі отбасы иесі, профессор, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ашилова Мәдина, сондай-ақ ауыл ақсақалдары мен аналар, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Кеш барысында ұрпаққа үлгі боларлық ойлар айтылып, шаңырақтың берекесі мен рухани құндылықтар жайлы тағылымды пікірлер ортаға салынды. Көпшілікке әсерлі көріністер ұсынылып, қатысушылар жүрекжарды тілктер айтылды.





