STEPPENEWS.KZ: Көктемнің алғашқы айында елімізде екі ірі мереке атап өтіледі. Мерекелік күндердің сенбі-жексенбімен сәйкес келуіне байланысты қазақстандықтар наурыз айында жалпы саны 13 күн демалатын болады.
Халықаралық әйелдер күніне орай 8 наурызда бір күн демалыс беріледі. Биыл бұл мереке жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылып, қазақстандықтар 7, 8 және 9 наурыз күндері қатарынан 3 күн демалады. 10 наурыз — сейсенбі жұмыс күні.
Жылдың басты мейрамы — Наурыз мейрамында демалыс бес күнге созылады. Ресми мереке күндері 21, 22 және 23 наурызға белгіленген. Мерекенің алғашқы екі күні сенбі және жексенбіге тұспа-тұс келгендіктен, демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады. Осылайша, 21 наурыздан бастап 25 наурызға дейін бес күн қатарынан демалыс болады.

