STEPPENEWS.KZ: Ел бойынша дауыс беру учаскелері сағат 20:00-де жұмысын тоқтатты. Енді дауыстарды санау кезеңі басталады. Бүгін таңғы 07:00-ден бастап республика бойынша 10 388 учаске жұмыс істеді.
2026 жылғы референдумда дауыс беру құқығына 12 461 796 Қазақстан азаматы ие.
Қазіргі уақытта шетелдегі қазақстандықтар дауыс беруді жалғастырып жатыр. Ең соңғы болып Қазақстан Республикасының Сан‑Францискодағы Бас консулдығы жанындағы учаске жабылады. Ол Астана уақыты бойынша 16 наурыз күні сағат 08:00-де жұмысын аяқтайды.

