STEPPENEWS.KZ: Денсаулық сақтау министрлігі ел бойынша жеке емшара кабинеттеріне тексеріс жүргізіп жатыр. Мониторинг барысында тексерілген 1900 нысанның 408-і лицензиясыз жұмыс істегені анықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша:
- 270 кабинет өз еркімен қызметін тоқтатты
- бірқатар иелер рұқсат құжаттарын рәсімдеуге кірісті
- 116 нысанға қатысты жоспардан тыс тексеріс басталды
Анықталған заңбұзушылықтар қатарында лицензиясыз жұмыс істеу, санитарлық талаптарды сақтамау, дәрі-дәрмектерді дұрыс сақтамау, білікті мамандардың болмауы, сондай-ақ шұғыл көмек көрсетуге арналған жабдықтардың жетіспеуі бар.
Бақылау шаралары нәтижесінде 147 әкімшілік хаттама толтырылып, 16 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

