STEPPENEWS.KZ: Reddit желісінде өткен ауқымды дауыс беруде Қазақстан туы барлық ресми танылған мемлекеттердің тулары арасында ең әдемі деп танылды.

r/flags қауымдастығында өткен Flags of the World турнирі аяқталды. Финалда күн мен ұлттық өрнек бейнеленген көгілдір түсті қазақстандық ту Кирибати туын басып озды.
Үздік төрттікке сондай-ақ мына елдердің тулары енді:
4-орын – Сейшел аралдары
3-орын – Бутан
2-орын – Кирибати
Қазір Reddit желісінде жаңа байқау басталды – қолданушылар әлемдегі ең әдемі мемлекеттік елтаңбаны таңдауда. Қазақстан 26-топқа түсіп, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Моңғолия, Пәкістан және Мальдив аралдары елдерімен бірге қатысып жатыр. Дауыс беру әлі де жалғасуда.

