STEPPENEWS.KZ: Қазақстанда мұғалімдерге сабақ барысында жасанды интеллект сервистерін пайдалануға рұқсат берілді. Осыған байланысты педагогтер үшін арнайы әдістемелік ұсынымдар әзірленді.
Оқу-ағарту министрлігі жасанды интеллект тек көмекші құрал екенін атап өтті. Оны сабаққа дайындалу, оқу материалдарымен жұмыс істеу және ақпаратты талдау үшін қолдануға болады. Алайда оқушылардың білімін бағалау мен шешім қабылдау міндеті мұғалімнің өз құзырында қалуы тиіс.
Сонымен қатар мұғалімдерге оқушылардың жеке деректерін үшінші тарап сервистеріне енгізуге тыйым салынған. Ал жасанды интеллект көмегімен орындалған жұмыстарды оқушылар өз еңбегі ретінде көрсетуіне болмайды.
Сабақ барысында қолдануға рұқсат етілген құралдардың қатарында ChatGPT, Canva, Gemini, NotebookLM, Reading Coach және Google Lens бар.

