STEPPENEWS.KZ: Елімізде мерекелік күндерге байланысты әуе рейстерінің саны көбейеді. 16–29 наурыз аралығында Air Astana мен FlyArystan жалпы 146 қосымша рейс орындайды. Оның 80-і Алматы – Астана бағытына тиесілі.
Қосымша рейстер Алматы, Астана және Ақтау қалаларынан Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Семей, Атырау, Өскемен және Орал бағыттарына да ашылады.
Сонымен қатар, SCAT Airlines 19–21 наурыз аралығында Алматы–Астана бағыты бойынша 5 рейс және Шымкент–Ақтау бағыты бойынша 1 рейс қосады.
23–26 наурыз күндері тағы 4 рейс Алматы–Астана бағытына, сондай-ақ Шымкент–Астана және Ақтау–Астана бағыттарына бір-бірден қосымша рейс орындалады.
Қосымша рейстер мерекелік күндері жолаушылар сұранысын толық қамтуға мүмкіндік береді.

