Құрметті отандастар!
Қазақстанның барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!
Бұл жарқын мейрам адамдардың жүрегіне сенім мен үміт ұялатып, барша адамзатқа сүйіспеншілікпен қарауға үндейді. Әділдік, ізгілік, шынайылық, жауапкершілік, мейірімділік, үйлесімділік сияқты мәңгілік рухани құндылықтар христиан діні мен басқа да әлемдік дәстүрлі діндердің арқауы саналады.
Православ христиандары еліміздегі конфессияаралық келісімді нығайтуға, өскелең ұрпақты отаншылдық пен еңбекқорлыққа баулуға және олардың бойына отбасы құндылықтарын сіңіруге елеулі үлес қосып келеді.
Бірлік, тілектестік, өзара қолдау қағидаттары – мемлекеттік саясатымыздың ажырамас бөлігі, барлық жетістіктеріміздің мызғымас негізі. Жұртымыз бір-біріне құрмет көрсетіп, сенім мен жанашырлық таныта отырып, әділдік және өсіп-өркендеу жолында алға қарай нық қадам жасай береді.
Православ азаматтарға және барша халқымызға шын жүректен зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!
Әр үй құт-берекеге толсын!
Trending
- Елімізде қылмыс деңгейі төмендеп, бақылау күшейді
- ОҚЫ! – АДАМЗАТҚА БАҒЫТТАЛҒАН МӘҢГІЛІК ҮНДЕУ
- Көкшетауда бір отбасы иіс тиіп ауруханаға түсті
- Дубайдан алғашқы рейс оралды
- Президент Таяу Шығыстағы бауырлас елдерге қолдау білдірді
- Freedom Bank Батыс Азиядағы отандастарға материалдық көмек береді
- Жолдағы заңбұзушылықтарды тіркеудің жаңа әдістері енгізілді
- Көктемде LRT нысандары іске қосылады

