STEPPENEWS.KZ: Иран Сауд Арабиясындағы маңызды мұнай нысандарының бірі — Рас-Таннура ауданындағы Saudi Aramco кешеніне соққы жасады.
Бұл – елдегі ең ірі мұнай өңдеу және экспорт орталығы. Аталған торап арқылы Азия, Еуропа және АҚШ нарықтарына қомақты көлемде мұнай жеткізіледі.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, нысанға зақым келген. Алайда қирау деңгейі, зардап шеккендер және соққының сипаты жөнінде ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
Бұл оқиға тек Сауд Арабиясына ғана емес, жаһандық мұнай нарығына да әсер етуі мүмкін.

