STEPPENEWS.KZ: Halyk Bank клиенттері мобильді қосымшаға кіру кезінде техникалық қиындықтарға тап болғанын хабарлауда. Жүйе қате туралы ескерту шығарып, әрекетті кейінірек қайталауды ұсынады. Банктің мәліметінше, ақаулар жүйеге түсетін жүктеменің артуына және интернет-қызметтерге қолжетімділіктің уақытша шектелуіне байланысты туындаған. Қазіргі таңда мамандар сервистердің жұмысын қалпына келтіру үстінде.
Сонымен қатар, Отбасы банк те мобильді қосымшаның және «Баспана маркет» платформасының жұмысында ақау болғанын растады. Банк өкілдерінің айтуынша, техникалық жұмыстар жоспарланған уақыттан ұзаққа созылған. Осыған байланысты бөлімшелердегі операциялар, онлайн-қызметтер және байланыс орталығы уақытша қолжетімсіз.
Қаржы ұйымдары жүйелердің қалыпты жұмысын мүмкіндігінше қысқа мерзімде қалпына келтіру үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.

