STEPPENEWS.KZ: Алматы облысының тұрғыны өзін зорлықпен алып қашып, некеге мәжбүрледі деген мазмұндағы жалған видеосы үшін жауапқа тартылды.
TikTok желісінде 15 қаңтар күні жарияланған бейнероликті көпшілік шынайы қылмыс ретінде қабылдаған. Алайда кейін бұл оқиғаның қолдан ұйымдастырылғаны анықталды.
Сот отырысында видео авторы өз кінәсін мойындап, роликті тек қаралым жинау мақсатында түсіргенін айтты. Сот оның әрекетін әкімшілік құқықбұзушылық деп таныды.
Нәтижесінде әйелге 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 86 500 теңге айыппұл салынды. Шын өкінгенін ескерген сот айыппұл көлемін 30 пайызға қысқартып, 60 550 теңге етіп белгіледі.
Қазіргі таңда сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

