STEPPENEWS.KZ: Алматыда әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Есентай өзеніндегі велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің құрылысы жалғасуда. Ал өзеннің оңтүстік бетінде орналасқан жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы іс жүзінде аяқталған. Бұл туралы Алматы қаласының жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының өкілдері мәлімдеді.
Жақын күндері диаметрі 800 мм болатын магистральдық су құбырын қайта төсеу және тіректерді орнату мақсатында шұңқыр қазу жұмыстары басталмақ.
Жоба аясында ағаш кесу де қарастырылған. Оның ішінде 14 ағаш апатты жағдайда деп танылған. Сонымен қатар, 12 жөке ағашы басқа аумаққа көшіріледі. Іргелес аумақты абаттандыру шеңберінде бұл жерде 80 ірі көлемді ағаш пен шамамен 50 бұта отырғызу жоспарланған. Бұдан бөлек, биыл көктемде кесілген ағаштардың орнына қосымша 580 ағаш егу көзделіп отыр.
«Көпірдің автожол бөлігі 2023 жылы қайта жаңғыртылған. Ал вело-жаяу жүргіншілер инфрақұрылымының бастапқы жобасында 135 ағашты кесу жоспарланған еді, бұл қала тұрғындарының наразылығын тудырды. Осыған байланысты әкімдік жобаны қайта қарап, көпірлерді автожолға жақындату және инженерлік желілерді көшіру туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде оңтүстік бетінде 26 ағаш қана кесіледі. Біз әрбір ағаштың, әсіресе қайта отырғызылатындарының жағдайын мұқият бақылауда ұстаймыз. Жалпы, жобаны биыл тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр. Ал көріктендіруге қатысты қандай да бір ескерту болса, мердігер олардың барлығын жояды», — деді қоғам белсендісі, «Жасыл комиссия» мүшесі Омар Нұрхайдаров.

