STEPPENEWS.KZ: 31 қаңтарда қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open–2026 турнирінің жеңімпазы атанды. Мельбурндегі финалда ол әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңді.
Бұл – Рыбакинаның мансабындағы үшінші ірі титул. Бұған дейін ол Уимблдонды 2022 жылы, ал Итоговый турнирді 2025 жылы жеңіп алған. Australian Open-тағы бұл жеңіс спортшының WTA рейтингіндегі қоржынына 2000 ұпай қосты.
Рейтинг жаңартылғаннан кейін Елена Рыбакина бірден екі сатыға көтеріліп, әлемнің үшінші теннисшісі атанды. WTA рейтингінің көшін бұрынғысынша Арина Соболенко бастап тұр, ал екінші орында Польшадан шыққан Ига Швёнтек орналасқан.

