STEPPENEWS.KZ: Қазақстандық видеограф әрі трэвел-блогер Дастан Мұхамедрахым «Үздік трэвел-блогер» номинациясы бойынша WIBA Awards 2026 халықаралық сыйлығының жеңімпазы атанды. Бұл марапатты цифрлық контент саласындағы «Оскардың» аналогы деп жиі атайды.
Дастанның блогы Қазақстан табиғатына арналған. Бүгінгі таңда оның Instagram-дағы аудиториясы 1,6 млн-ға жуық оқырманды құрайды. Ол ірі брендтермен жұмыс істейді, халықаралық форумдарға қатысады және еліміздің туристік әлеуетін белсенді түрде насихаттап жүр.
Блогердің айтуынша, ол сыйлыққа қатысуға шақыртуды 20 қаңтарда Instagram-дағы ресми хабарлама арқылы алған. Өтінімі расталғаннан кейін, 15 ақпанда оған жеңіске жеткені туралы хабарланған.
Лауреаттарды іріктеу бірнеше критерийлер бойынша жүргізілді, оның ішінде қамту көрсеткіші, визуалды эстетика және контенттің креативтілігі бар.
WIBA Awards 2026 марапаттау рәсімі 22 мамырда Канны қаласында өтеді.
Дастан жұмыстарының ерекшелігі сол — ол байқауға тек Қазақстанда түсірілген видеороликтерді ұсынған. Сонымен қатар, блогер жергілікті ландшафттардың бірегейлігін айқындай түсетін «Бұл «кез келген ел» емес, бұл — Қазақстан» форматындағы трендті бастады.
Оның сөзіне қарағанда, бұл форматты әртүрлі елдердің блогерлері іліп әкеткен. Индонезияда түсірілген осындай роликтердің бірі миллиондаған қаралым жинаған, бұл автордың пікірінше, идеяның жаһандық деңгейде таралғанын дәлелдейді.

