STEPPENEWS.KZ: Атырау облысында бір отбасының жұмбақ жоғалуына қатысты тың мәліметтер белгілі болды. Қызылқоға ауданында бұрын хабар-ошарсыз кеткен деп есептелген ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің кім екені анықталған. Қазіргі таңда оларды ұстау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Қаза тапқандармен бірге жоғалып кеткен тағы екі адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.
Сондай-ақ полиция өкілдері әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми ақпаратқа сүйенуге және тергеу барысына кедергі келтірмеу үшін расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырды.

