STEPPENEWS.KZ: Астана мен Алатау қалаларының ерекше мәртебесін жеке конституциялық заңдармен бекіту жоспарланып отыр. Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Алатау үшін арнайы салық шарттары, инвестицияларды қорғау және пилотсыз көлік пен цифрлық активтерді енгізуді көздейтін «қарқынды дамушы қала» режимі енгізіледі. Ал Астана үшін қала құрылысы, көші-қон және көлік салаларын басқарудың жеке тетіктері қарастырылмақ.
Жоспар бойынша Алатау туралы заң жобасы 27 наурызда екінші оқылымда қаралады. Елорда мәртебесі туралы құжат сәуір айының соңына дейін Мәжіліске ұсынылады деп күтілуде.

