STEPPENEWS.KZ: Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік әріптес құқық қорғау органдарымен бірлесіп Алматыда арнайы операция өткізді.
Ведомство мәліметінше, қаңтар айында халықаралық деңгейдегі есірткіге қарсы іс-шара ұйымдастырылған. Ортақ әрекеттер нәтижесінде Алматыда 8 келі синтетикалық есірткі — метамфетаминді алу кезінде Қазақстан азаматы ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес (есірткі заттарын заңсыз иемдену, сақтау және өткізу) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын бекітті.

