STEPPENEWS.KZ: Алматы қаласының тұрғыны әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ол жаңа Конституция жобасында шетелдіктерге жер сатуға қойылған тыйым алынып тасталды деп мәлімдеген.
Полиция бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады. Конституция жобасында жер мен табиғи ресурстарға қатысты нормалар өзгермеген, олар қолданыстағы заңнамамен толық сәйкес келеді.
Сот азаматты кінәлі деп танып, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 86,5 мың теңге айыппұл салды.

